Каталог статей

Главная » Статьи » Қазақстан тарихы » 8 сынып Қазақстан тарихы

Ордабасы Құрылтайы

Ордабасы құрылтайы және оның тарихи маңызы

Халықты қорғау ісін халық өзі жүзеге асырды, ел мүддесін қорғай алатын ұйымдастырушылар мен жетекшілері – Бөгенбай, Қабанбай, Тайлақ, Саурық, Жәнібек, Малайсары, Өтеген сияқты батырларын қолдау арқылы отанды қорғауды қолға алды.

1726 жылы Түркістан қаласынан оңтүстік-батыста орналасқан Ордабасы жерінде үш жүз өкілдерінің құрылтайы өтеді. Қолда бар деректер құрылтайды шақыру бастамасын көтерген адам туралы айтылмайды, 

Қолда бар деректерде құрылтайды ұйымдастыру бастамасын көтерген адам туралы еш мәлімет берілмейді. Құрылтайды батырлардың қысымымен Болат хан ұйымдастырды деп болжам ғана жасауға болады. Құрылтайда бүкілхалықтық әскер құру туралы шешім қабылданды және оның басқолбасшысы болып сол кездегі Кіші жүздің ханы – Әбілқайыр сайланды. «Қауіп оларды біріктірді, - деп жазды, бұл туралы Левшин, - ортақ келісімді қалыпына келтіріп, барлығын бір нәрсеге бағыттады. Жалпыхалықтық құрылтай алға жылжып, жауға қарсы шауып, оларды ежелгі қазақ жерінен ығыстыруға жол ашты. Құрылтай жиналасында ант қабылдап, бір біріне адалдықтарын білдірді. Әбілқайыр бас қолбасшы болып сайланды. Боз қасқа құрбандыққа шалынды.

Осы құрылтайдан кейін үшжүздің әскері қосылып, жоңғарларға қазақ-жоңғар соғысындағы аса ірі соққысын берді. Бұланты өзенінде өткен бұл шайқас тарихта «Қалмақ қырылған» деген атпен қалды.  Жеңіс халықтың рухын көтерді, өз күшіне сендірді, басқыншыларды жеңуге болатынына көздерін жеткізді. Қазақ әскерлері басымдық алды, қорғаныстан шабуылдауға көшті.

Моисеев В.А. Жоңғар хандығы және қазақтар XVII-XVIII ғғ. – Алматы: «Ғылым», 1991. – 78-79

 

Ордабасы құрылтайы және оның тарихи маңызы

 XVIII ғасырдың 20-жылдары Қазақстанның оңтүстік шекарасында өте ауыр ахуал қалыптасып, үшжүздің жауға қарсы күш біріктіруін талап етті. 1726 жылдың аяғы – 1727 жылдың басында Арал аймағындағы Қарақұмда үш жүз өкілдерінің құрылтайы шақырылды. Осы уақытқа дейін жоңғарлар мен қалмақтарға қарсы күресте танылып қалған – Әбілқайыр хан бұл форумның серкесіне айналды. Құрылтайға қатысушылар жоңғарларға қарсы ортақ әскер құру жөнінде шешім қабылдап, бір біріне адалдықтарын білдірді. Әбілқайыр хан бас қолбасшы болып сайланды, сәттіліктің ырымы ретінде боз қасқа құрбандыққа шалынды.

 

Осы сәттен бастап қазақтар жоңғарға шабылдай бастады. Әбілқайыр хан басқаруындағы әскер оңтүстік майданда жоңғарларды жаулап алған жерлерден ығыстыра бастады.

 

ХХ ғасырда Ә. Диваевтың жазбаларына қарағанда, жоңғарлар Бұлантыда күйрей жеңілген, әсіресе, Қарасиыр аймағындағы шайқаста ерекше соққы берген. Бұл шайқаста Кіші жүздің жетіруынан шыққан Тайлақ батыр мен оның жиені – ұлы жүз руынан шыққан Саурық ерекше көзге түскен. Шежірелерде бұл жеңіс туралы хабар бүкіл далаға бір сәтте тарап кеткенін және қазақтардың рухын көтеріп, туған жерін жауларынан азат етуіне дем берді.

 

Ерофеева И.В. Әбілқайыр хан: қолбасшы, билеуші, саясатшы. 3-басылымы, өңд. Және толықт.. – Алматы: Дайк-Пресс, 2007 182-184 бб   

 

1.      Ордабасы құрылтайының тарихи маңызын жазыңыз.

2.      Мәтінді оқып шығыңыз, еңбектердің қандай айырмашылығы барын анықтаңыз.

3.      Еңбектер қай ғасырда жазылғанын анықтаңыз және оның авторлардың еңбегіне әсер етуі мүмкін бе? – деген сұраққа жауап жазыңыз?

4.      Берілген мәтіндерге қарай отырп, бұл қандай сипаттағы деректер және қандай дерек түріне жатқызуға болатынын анықтаңыз.

5.      Авторлар Ордабасы құрылтайына қандай баға бергенін анықтаңыз және бағалауларында айырмашылықтары бар-жоғын дәлелдеңіз.

Категория: 8 сынып Қазақстан тарихы | Добавил: Отаншылазамат (20.09.2013)
Просмотров: 11469 | Комментарии: 3 | Рейтинг: 3.7/3
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: