Каталог статей

Главная » Статьи » Қазақстан тарихы » 8 сынып Қазақстан тарихы

Суммативтік жұмыста қойылуы мүмкін басты оқиғалар мен даталар

Суммативтік жұмысқа дайындық

Негізгі хронологиялар мен оқиғалар

1583-1598 жылдары Қазақ хандығын Тәуекел хан басқарды. Тәуекел хан ойраттардың бір бөлігін және Ташкент қаласын бағындырды.

1598-1628 жылдары Қазақ хандығын Есім хан басқарды.

1621 жылы Есім хан өзбек ханы Имамқұлмен соғысты.

1635 жылы Батыр қонтайшы Жоңғар мемлекетін құрды.

1643 жылы Орбұлақ түбенде шайқас өтті. 

1680-1718 жылдары Қазақ хандығын Тәуке хан басқарды.

1710 жылы Қарақұмда құрылтай өткізілді.

1722 жыл Канси қайтыс болды.

1723 жылы Қазақ хандығына жоңғарлар басып кірді.

1723-1727 (кей деректерде 1725 жыл) жж. Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» қайғылы кезеңі орын алды, «Елім-ай» жыры дүниеге келді.

1726 жылы Ордабасы құрылтайы өтті.

1728 жылы Бұланты шайқасы өтті.

1730 (кей деректерде 1729 ж.) жылы Аңырақай шайқасы өтті.  Аңырақай шайқасына Қанжығалы Бөгенбай батыр, дарабоз атанған Қаракерей Қабанбай батыр, Малайсары батыр, Райымбек батырлар қатысты. Бұқар жарау, Ақтамберділер халықты рухтандырды.

1730 жылы Әбілқайыр хан Ресейге Сейітқұл Қойдағұлұлы мен Құтлымбет Қоштайұлы бастаған елшілік аттандырды.

1731 жылы 10 қазанда Әбілқайыр хан Ресей империясының қол астына кіретіне жөнінде ант қабылдады.

1740 жылы Орта жүз ханы Әбілмәмбет пен сұлтан Абылай Ресейге қосылатыны жөнінде ант қабылдады.

1734 жылы патша үкіметі Жайық өзенінің оң жақ жағалауына көшуге тыйым салды.

1742 жылы Жайық өзеніне жақындауға тыйым салды.

1755 жылы Ертіс өзеніне жақындауға тиім салды.

1765 жылы Сібір шекара шебінің командашысы Ертістің далалық аймағының 10 шақырым аймағын белгілеп, қазақтарды жолатпауға бұйырды


Категория: 8 сынып Қазақстан тарихы | Добавил: Отаншылазамат (11.10.2013)
Просмотров: 1662 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: