Каталог статей
Главная » Статьи » Қазақстан тарихы » 8 сынып Қазақстан тарихы |
Аңырақай шайқасы: нәтижесі және сабақтары 1729 жылы Балқаш өзінінен оңтүстікте қазақ-жоңғар соғысындағы ең ірі шайқас болды. Бұл шайқас болған жер тарихта Итішпес Алакөл деген атау алды. Жоңғарлар күйрей жеңілді. Алайда қазақ хандары Әбілмәмбет, Сәмеке, Әбілқайырдың арасында келіспеушілік пайда болып, қазақ хандары билікке таласып, жеңістің нәтижесін толыққанды пайдалана алмады. Кіші жүз бен Орта жүз әскерлері таратылды, одан кейін басқа әскерлер де тарады. Қазақ халқы көптеген шығынға қарамастан үлкен күшпен тәуелсіздігін сақтап қалды, бірақ Батыр қонтайшы мен Церен жаулап алған Жетісу мен тағы да басқа жерлерін қайтара алмады. Жоңғарлардың қазақ жеріне шабуылы өте қайғылы болды. Қалалар қаңырап қалды, қөлөнер мен сауда құлдырады. Көшпелілердің дәстүрлі көштері бұзылды, отырықшылар және көшпелілердің арасындағы қарым-қатынас үзілді. Ұлы жүз қазақтары белгілі бір кезеңде жоңғар қонтайшыларына тәуелді болып қалды. Қазақ жүздерінің өзара байланысы әлсіреді. Этникалық шекаралар бұзылды, халықтар мен тайпалар жөңкіле көшті, бұл Азияның осы аймағындағы саяси жағдайды ушықтырып жіберді. Қазақтар толыққанды жеңіске қолжеткізбесе де, осындай ірі қарсыласын жеңгені қазақтарды рухтандырып, бірліктің маңызын көрсетіп берді. Моисеев А.В. Жоңғар хандығы және қазақтар (XVII-XVIII ғғ.). – Алматы: Ғылым, 1991. – 80-81 бб.
Аңырақай шайқасы және халықаралық саясат Шамасы 1730 жылдың көктемінде Балқаш өзенінен 125 шақырым жерде Аңырақай аймағында қазақ-жоңғар соғысының ең ірі шайқасы өткен. Үшжүзден жасақталған әскерді Әбілқайыр хан басқарды. Аңырақай шайқасында қазақтар жоңғарларға қатты соққы беріп, оларды оңтүстік-батысқа қарай Жоңғар мемлекетінің этно-саяси аймағына шегіндірді. 1730 жылдың қысында үш жүзден құралған жасақтар Орталық және Оңтүстік Қазақстан аймақтарын азат етіп, Аңырақай төңірегіне дейінгі жерлерде өз жасақтарын орналастырды. Қазақтар қалыптасқан әскери-саяси жағдайды пайдаланып қалуға тырысты. Өйткені 1729 жылы цинь сарайы Жоңғар хандығына соғыс жариялады, осы жағдайға байланысты Қалдан Церен әскерлерінің басым бөлігін оңтүстік майданға аттандырды. Қолайлы жағдайды Әбілқайыр хан пайдалануға тырысты. 1730 жылдың сәуір айының аяғында Әбілқайыр хан әскери күштерін Жетісуға аттандырды. Қазақ шежірелері мен ақсақалдарының айтуынша, қазақ әскерлері Аңырақайға үш жақтан қозғалған: Сарыарқадан, Оңтүстік Қазақстаннан және Балқаштың оңтүстік-батысынан келген. Сарыарқа аймағындағы әскери жасақ Аңырақай таулы аймақтарындағы жоңғарлардың шағын жасақтарына шабуыл жасады. Қазақтардың ірі жасағы Балқаштың батысынан шығып, Қалмақтөбе қамалына шабуылдады, онда 7-8 мың адамнан тұратын қарсыластарының негізгі күші орналасқан еді. Үшінші топ тура осы қамалға Шу аймағынан шабуылдады. Аңырақайға шабуылдаушы қазақ жасақтары шамамен алғанда 3-4 мың еді. Олар жоңғарлардан анағұрлым аз болды. Бірақ қазақ батырлары мен Әбілқайыр сынды қолбасшысының арқасында әскери машықтарының арқасында жеңіске жетті. Ұзаққа созылған қазақ-жоңғар соғысындағы бұл сенімді және толық жеңіс Әбілқайырдың атын үш жүздің арасына кеңінен танытты. Халқы Әбілқайырдың атын мәңгілік есте сақтап қалу үшін Оңтүстік-Шығыс қазақтан аймағындағы бірқатар жерлерге атын берген. Әбілқайырдың аты Орта Азияда кеңінен таралды. Қалмақ, Жоңғар, Бұқара, Хиуа хандары онымен туыстық қатынас құруға тырысты. Аңырақай шайқасынан кейін екі жақта бір-бірімен бейбітшілік келісіміне қол қойған, тарихи деректер екі тараптың да бейбіт қарым-қатынас құруға мүдделі болғандығын растайды. Әбілқайырдың орыс патшасына жіберген елшілері Сейітқұл Қойдағұлұлы мен Құтлымбет Қоштайұлыда 1730 жылы 21 қазанда қазақ хандары қонтайшымен, еділ қамалмақтарымен және башқұрттармен соғысқанмен, қазір қонтайшымен, еділ қалмақтарымен бейбітшілікте екенін мәлімдеген. Қазақтармен ресей бодандығындағы халықтармен қарым-қатынастары ушығып кеткендіктен, әсіресе, Ноғай башқұрттары мен Сібір жолдарының халықытарымен. Қазақ хандары Әбілқайыр мен Сәмеке жалпықазақтық қапталды күшейту бағытында әрекет етуі керек болды, тек сондықтан ғана 1730 жылдың көктемінде Оңтүстік Қазақстанан солтүстікке, Ресеймен шекаралас аумақтарға көшті. Әбілқайыр хан қазақ-ойрат шекарасындағы төтенше жағдайды жеңілдеткендіктен, Кіші және Орта жүздің башқұрттармен, жайық және сібір казактарымен қақтығысын шешуді көздеді. Ерофеева И.В. Әбілқайыр хан: қолбасшы, билеуші, саясатшы. Өңд., толқт. 3-басылымы. – Алматы, 2007. – 190-211 бб. 1. Мәтінді оқып шығыңыз, авторлардың қандай дерек көздерін қолдандағынын анықтаңыздар 2. Қай мәтін сенімді екенін анықтаңыздар, жауаптарыңызды нақытылы айғақтар келтіріп түсіндіріңіздер 3. Мәтіндерде қарама-қайшылық бар ма? Оны немен түсіндіруге болады? 4. Мәтіндерде сабақтастық бар ма? Оны немен түсіндіруге болады? 5. Авторлар Аңырақай шайқасына қандай баға берген? | |
Просмотров: 5547 | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0 | |