Каталог статей
Главная » Статьи » Қазақстан тарихы » 8 сынып Қазақстан тарихы |
Әбілқайыр хан Әбілқайыр хан 18 ғасырдың даңқты қолбасшысы және дипломаты әрі саясатшысы деп айтуымызға болады. Әбілқайырдың аты қазақтардың арасында кеңінен таралған, себебі ол қазақтардың жерлерін жоңғарлардан азат етіп, даңқты батырына айналды. 1710 жылғы Қарақұмда өткен құрылтайда басқолбасшы болып сайланды, ал оның сардарбегі болып атақты Қанжығалы Бөгенбай батыр сайланды. Осылайша, Тәуке хан билігі кезеңінен Әбілқайырдың аты қазақ даласына танымал болды. 1726 жылғы құрылтай өтті. Құрылтайда Әбілқайыр тағыда басқолбасшы болып сайланса, Бөгенбай батыр бас сардар болып бекітілді. Олар жоңғарларды талқандап, Қазақ елінің жерін азат етті. Десе де, Әбілқайыр хан Ресейдің қолдауына сүйену қажеттілігін жақсы түсінді. 1730 жылы елші аттандырып, 1731 жылы Ресейге қосылатыны жөнінде ант қабылдады. Абылай хан Абылай хан қазақ-жоңғар соғысы шиеленіскен кезеңде дүниеге келді. Ол сол соғыстың құрбанына айналды. Абылай хан Қазақ хандығын бірорталықтандырған мемлекет құрмайынша, оны тәуелсіз ете алмайтынын түсінді. 1771 жылы үш жүздің қазақтары Абылайды хан деп жариялады. Абылай хан билердің билігін шектеді. Ханның билігін күшейтті. Халықты жақсы басқару үшін Абылай хан жақын туыстарын жергілікті жерлерге билеуші етіп тағайындады. Мысалы, Жетісуды Әдік сұлтан, Шығыс Қазақстанды Әбілпейіз сұлтан, Орталық Қазақстанды Қасым сұлтан басқарды. Сот билігін әділ жүргізуге көп мән берді. Сот билігін жүргізуде қазақ батырлары мен билеріне арқа сүйеді. Олардың арасында танымалы Бұқар жарау болды. Қазақ шаруашлығын дамыту үшін егін шаруашылығын дамытуға тырысты. Сауданы дамытуға көп мән берді. Абылай хан сыртқы саясатқа да көп мән берді. Абылай хан жоңғарларға қарсы соғыстарды жақсы танылды. Ол жоңғардың атақты қолбасшысы Шарышты жекпе-жекте жеңді. 1741 жылы жоңғарлар қазақ жеріне басып кіреді. Абылай ханды тұтқынға алады. 1743 жылы Абылай хан тұтқынан босатылады. Абылай хан тұтқында болған кезеңде Жоңғар хандығымен дипломатиялық қарым-қатынас орнатады. 1755 жыл жоңғарлардың жеріне Қытай императоры басып кіреді. Абылай хан жоңғардың біраз жері қазақтың жері екенін мәлімдейді. 1756 жылы Абылай жасқатарымен Қытайдың ішкі аймақтарына дейін барады. Абылай дипломатиялық жолмен жоңғарларда кеткен қазақ жерлерін қайтарып алады. Қазақ –қытай соғыс кезеңінде Ресей қатты алаңдайды. Ресей Абылай ханға хан болуды ұсынады. Ол қазақтардың өз ішінде соғыс болдырмау үшін хандық биліктен бас тартады. 1771 жылы үшжүздің өкілдері Абылайды хан сайлайды. Абылай хан үш жүздің ханы болып, қазақтардың тұтастығын қалыпына келтіреді. Көптеген орыс зерттеушілері Абылай Ресейге де, Қытайға да, Жоңғарға да бағынған болып көрінгенмен, дербес саясат жүргізді деп жазады. | |
Просмотров: 1677 | Рейтинг: 5.0/1 |
Всего комментариев: 0 | |