Каталог статей

Главная » Статьи » Қазақстан тарихы » 8 сынып Қазақстан тарихы

Қазақ-жоңғар қатынастары

XVI ғасырдағы Қазақ хандығы мен жоңғарлар

            16 ғасырда қазақ хандары түркістан аймағынының сауда және қолөнер қалалары  үшін шайбани әулиеттерімен күрес жүргізді. 16 ғасырдың аяғы – 17 ғасырдың басында жоңғарлардың қаупі пайда бола бастады. Қазақ хандығы мен жоңғарлардың арасында қақтығыстар орын алды. Қазақ хандары орта азия мемлекеттерімен соғысып жатқанына қарамастан, деректердің мәлімдеуінше, ойраттардың бір бөлігін бағындырған. Мысалы, 1594 жылы Қаһарлы Иван Ноғай ордасына жіберілген Данила Губин Мәскеуге  «қазақтар өте күшті, олар Ташкентті өздеріне бағындырған» деп хабарлаған.

Осы кездері қазақ даласынан Мәскеудегі Ораз Мұхамедке келген елші «Тәуекел хан ойраттарды бағындырып, оның ағасы Мұхмұд шахты ойраттардың билеушісі етіп қойғандығын» айтады. Бұл дәйектер және орыс деректерінде қазақ ханы Тәуекелді «қазақ және қалмақ» ханы деп атауын ескере отырып,  атақты зерттеуші С.Г. Богоявленский Тәуекел хан кезеңінде қалмақтар Қазақ хандығына тәуелді болды деген қорытынды жасайған

Моисеев В. А. Жоңғар хандығы және қазақтар (XVII-XVIII ғғ.). – Алматы: «Ғылым», 1991.

 

XVII ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақ хандығы мен жоңғарлар

XVII ғасырда қазақ ханы Есім хан мен өзбек ханы Имамқұлдың расында ірі шайқастар орын алады. 1621 жылы шайқаста Имамқұл Сыр бойы қалаларына шабуыл жасайды. Бұл ойраттардың Қазақ хандығынан дербестігін алуына жағдай жасайды. Оның үстіне қазақ хандығындағы ішкі-талас тартыс күшейеді. Тұрсын сұлтанның хандық билікке ұмтылысы мемлекетті әлсіретіп жібереді. Тіпті, қазақтардың кейбір аймақтары жоңғарларға бағынышты болып қалуына алып келеді. Себебі, қазақ билеушісі Есім ханға өзбек хандарымен және хандық билікке ұмтылушы Тұрсын ханмен де күрес жүргізуіне тура келген еді.

1627 жылы Есім хан Тұрсын ханның басын алады, бірақ бір жылдан соң өзі де қайтыс болады. Есім хан қайтыс болған соң Ұлы далада қарсыластардың арасалмағы теңелді.

XVII ғасырдың бірінші жартысында жоңғарлар күйшейді. Жоңғар хандығында орталықтанған мемлекет құру жолында соғыс жүріп жатты. Жоңғарлардың бір бөлігі Еділ-Жайық бойына қарай өтіп кетеді. 1635 жылы Батыр өзін қонтайшы жариялайды, осылайша Жоңғар хандығы құрылады.

Моисеев В. А. Жоңғар хандығы және қазақтар (XVII-XVIII ғғ.). – Алматы: «Ғылым», 1991.

 

XVII ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақ хандығы мен жоңғарлар

XVII ғасырдың бірінші жартысында жоңғарлар күйшейді. Жоңғар хандығында орталықтанған мемлекет құру жолында соғыс жүріп жатты. Жоңғарлардың бір бөлігі Еділ-Жайық бойына қарай өтіп кетеді.

1635 жылы Батыр өзін қонтайшы жариялайды, осылайша Жоңғар хандығы құрылады. 1640 жылы құрылтай өтеді. Осы сәттен бастап ойраттар сыртқы саясатың Қазақ хандығына бағыттады.  

1643 жылы Батыр қонтайшы Қазақ хандығына 50 мың әскерімен баса көктеп кіреді. Жоңғар хандығының шабуылы туралы хабар Жәңгір ханға жетеді. Жәңгір хан қоластындағы 600 сарбазымен жоңғарларға қарсы тойратыс береді. Олардың 10 мың әскерін қырып тастайды. Осы сәтте көмекке Жалаңтөс баһадүр де келіп, жоңғарларды ойсырата жеңеді.

Батыр қонтайшыдан кейін Жоңғарияда билік үшін күрес басталды. Күресте Қалдан Бошакту жеңіп шығады. Күресте ол Шығыс Түркістанды бағындырады, бұл оған Жоңғарияны экономикалық тұрғыдан нығайтуға мүмкіндік береді. Осыдан кейін Қалдан Бошакту Қазақ хандығына шабуылдар ұйымдастырады.  

1697 жылы билік басына Цэван Рабдан келеді, қазақтарға жорықтар жиілей түседі. Жоңғар жорықтарының алдын алу үшін 1710 жылы Қарақұмда құрылтай өткізіледі. ҚҰрылтай жоңғарларға қарсы әскер құрады. Соның арқасында қазақтар бірсыпыра жеңіске жетеді.

1718 жылы Аягөз шайқасы өтеді. Онда жоңғарлардың ішкерілей енуін тоқтатылады. Бірақ 1722 жылы Қытай императоры Канси қайтыс болады, бұл Жоңғар мен Қытайдың арасындағы қарым-қатынасты өзгертеді. Жоңғарлар барлық әскер күшін Қазақ хандығына бағытайды. 1723 жылы қазақ жеріне баса көктеп кіреді.

 

Моисеев В. А. Жоңғар хандығы және қазақтар (XVII-XVIII ғғ.). – Алматы: «Ғылым», 1991.

Категория: 8 сынып Қазақстан тарихы | Добавил: Отаншылазамат (08.09.2013)
Просмотров: 14346 | Комментарии: 5 | Рейтинг: 4.2/4
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: