Каталог статей

Главная » Статьи » Қазақстан тарихы » 8 сынып Қазақстан тарихы

Неліктен Қазақстан Ресей үшін "кілт пен қақпа" болды?

Бухгольц экспедициясы мен Ертіс бойында бекіністердің салына бастауы

                1714 жылы орыс үкіметі Бухгольцті Ертіс бойында бірнеше бекініс салуға жіберді (Сібірден Жаркенттің алтын кендеріне байланыс орнату үшін). Ол Ямышев кетінің маңайында (орыстар, жоңғарлар, бұқарлықтар мен ташкенттіктер арасында айырбас сауда жүретін жер) бекініс салмақшы болды. Алайда жоңғарлар бұл жерде орыстардың орнығуына жол бермеуге тырысты. Бухгольцтің жасағы үлкен болғанына қарамастан (3000 адам) жоңғарлар оларды қоршап алды және алған беттерінен бас тартып, көп шығынмен Омбыға қарай шегінуге мәжбүр  етті. Орыстар тек 5 жыл өткен соң жоңғарлардың келісімімен Ертіс өзенінің бойына бекіністер салды (Омбы, Семей, Өскемен).

                Бөкейханов Ә. Таңдамалы еңбектері. – Алматы, 1995. 50 б.

 

Ертіс бойында әскери бекністерді салу мақсаты.

                Орыс губернияларынан алыс жатқан Тобылдан шағын өзен Қатонқарағайға, Ертістің солтүстігінен Омбыға құятын сағасына дейінгі ең даланы жайлаған тағы халықты ұстап тұру үшін оң жағалауға шағын бекіністер тұрғызылды. Үлбі өзені бойында Өскемен бекінісі салынды (қырғыздар оны Дөңқала дейді). Одан төмен қарай ескі жеті тас ескерткіштердің орнына Семипалат (қырғызша Семей) бекініс тұрғызылды. Ал одан төмендеу, Ертіс өзені бойында тұзды көлдан 7 (верст) шақырым жерде Ямышево (қырғызша Тұзқала) бекінісі салынды. Одан соң Железняк бекінісі (қырғыздар оны Темірқала деп атайды), ең соңында Омск бекінісі тұрғызылды. Қырғыздар Омбы қаласы дейді.

Христофор Барданес. Қырғыз немесе қайсақ хорографиясы Москва, 1771

 

 

Қазақтардың патша жасақтарымен әскери қақтығыстары.

Қырғыз-қайсақтар Сібір казактары тарапынан 300 вертске далағай қарай ығыстырылды. 1717 жылы Қазан губерниясында да қырғыздар кері шегіндірілді. Бір қырғыз билеушісі 10 мың жасақпен Новоишимск бекінісі тұсынан басып кірді. Бекіністі басып алған ол көп адамды тұтқынға түсірді, алайда полковник Суяздан жеңіліп, көп шығынға ұшыраған қырғыз-қайсақтары кері шегінуге мәжбүр болды (Заламск әскери шебі 1652 жылы салынған).

Рычков И.И. Орынбор тарихы (1730-1750 жж.) – Орынбор, 1896. – 3 б.

 

Деректермен жұмыс

1. Мәтіндерді оқып шығып, авторлар бекіністердің қандай қызмет атқарды деп жазағанын анықтаңыз және олардың дұрыстығына байланысты көзқарасыңызды білдіңіз.

2. Авторлардың беріп отырған мәліметтері сенімді ме?
Категория: 8 сынып Қазақстан тарихы | Добавил: Отаншылазамат (02.10.2013)
Просмотров: 6795 | Комментарии: 5 | Рейтинг: 4.5/2
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: